Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890
07 Қар 2022

Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес

Нұр-Сұлтан қаласы «№2 Оңалту орталығы» КММ республикалық және қалалық тамыз конференцияларының тақырыптарымен бірлесе отырып, арнайы мұғалімдердің алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Баяндамашылар өткен оқу жылының қорытындысын ескере отырып мамандарға жұмыс жоспарларын таныстырды. 

Жиынға қатысушылардың барлығы қызығушылық танытып, талқыланған мәселелерге белсене қатысты.

Бір қуантарлығы, жыл сайын мекеме ұжымы жас мамандармен толығып отырады, биыл да бұдан тыс қалмады.

Педагогикалық кеңестің соңында мекеме директоры Накыпова В.Б. ұжымға мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналар игілігі үшін жемісті еңбек пен жаңа бастамаларда сәттілік тіледі!