Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890

Медициналық көмек

Орталықта медициналық көмек көрсетіледі:

1) невропатолог дәрігері;
2) реабилитолог дәрігері;
3) массажист мейірбикесі;
4) ЕДШ нұсқаушысы
Медициналық көмек дәрі-дәрмекпен емдеу, қатайту, физиотерапия, массаж түрінде көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды массажға алғашқы тексеруді невропатолог жүргізеді. Реабилитолог дәрігері жаттығу терапиясына жіберілген мүмкіндігі шектеулі балаларды бастапқы тексеруде емдеу-сауықтыру терапиясының нұсқаушылары жүргізетін іс-шаралар стратегиясын анықтайды. Емдік дене шынықтыру сабақтары құрылықта, залда және бассейнде(бар болған жағдайда) өткізіледі.
Реабилитолог-дәрігер тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және қимыл-қозғалыс дамуы бұзылған балаларға арналған жеке әзірленетін бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмысты жүргізеді, емдік дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолдану ретін анықтайды, оңалтудың техникалық және көмекші құралдарын таңдайды.
ЕДШ нұсқаушысы және/ немесе дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баланың физикалық дамуын бағалайды, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін АТҚ(ИПР) құрастырады, дамытуға көмек көрсетеді және баланың физикалық дамуы бойынша отбасына кеңес береді.