Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890
15 Тмз 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» КММ

 

«Логопед - мұғалімі»-2,0 ставка, жалақысы шамамен 120 000-150 000 тг. Дефектолог- мұғалімі»-1,0 ставка, жалақысы шамамен 120 000-150 000 тг. «Педагог – психолог»-3,0 ставка, жалақысы шамамен 100 000-120 000 тг. «Әлеуметтік педаог»-1,0 ставка, жалақысы шамамен 80 000-100 000 тг.  қызметі бойынша уақытша бос лауазымдары (негізгі қызметкердің декреттік демалыста болғанына байланысты) ашылды.

Мекен-жайы:  Бурабай  көшесі, 38, индекс 010000

Қабылдау: 8 (7172) 50 58 90

E-mail: detiuo2005@mail.ru

Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы кемшіліктерді түзету бойынша топтық және жеке іс-шараларды жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» бағыты бойынша жоғары педагогикалық білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күнтізбелік күн

Құжаттар тізімі:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

      4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    11) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.