Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890

Астана қаласы әкімдігінің «№2 оңалту орталығы» КММ, Бурабай 38 мекен-жайындағы мемлекеттік білім беру ұйымына педагог лауазымы бойынша  жұмысқа  орналасуға  конкурс жариялайды.

Бос лауазымына тағайындау.

  1. Логопед-мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) - 1 орын (жалақысы шамамен 120 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін)
  2. Педагог-психолог (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) - 1 орын (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін)
  3. ЕДШ нұсқаушысы (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) - 1 орын (жалақысы шамамен 110 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін)

Лауазымдық міндеттері:

  • баланың физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, арнайы білім қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
  • сөйлеу және психофизикалық дамуға зерттеу жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды; 
  • баланың жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).
  • балаға тәрбиелік көмек көрсетеді, танымдық процестерін ойын әрекеттері арқылы дамытады, тәрбиелік-түзету жұмыстарын жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

«Арнайы педагогика» мамандығы және «Олигофренопедагогика» білім беру бағдарламасы, Педагогика және психология, Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні (01.03.2024-12.03.2024жж.)

Кандиттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру: 5 жұмыс күні (13.03.2024 – 19.03.2024 жж.)

Конкурсты өткізу күні мен уақыты: 20.03.2024ж.сағат 10.00

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам  хабарландыруда көрсетілген  құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі  құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495)

  1. осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  11. тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
  12. үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Мекен-жайы:  Бурабай  көшесі, 38, индекс 010000

Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 50 58 90

E-mail: detiuo2005@mail.ru

29 Ақп 2024