Реабилитационный центр №2
🏫Орталығымызда
📚«Повышение эффективности образовательной системы центра через использование инновационных подходов в работе» тақырыбында 2024-2025 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті. 📑Кеңес барысында әдіскерлер және әр бірлестік жетекшісі жылдық жоспарларымен таныстырды. 🧾Педагогтарды аттестаттаудың қорытындысы айтылып, куәліктер табысталды.
📚”№2 оңалту орталығы”КММ «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының курсанттарын қабылдады. Бұл кездесуде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің мұғалімдері жұмысты ұйымдастыруда көптеген қызықты ақпарат алды. 👩🏻🏫Дефектолог А.У.Куатова “Ерте араласу тобындағы” жұмыспен таныстырып өтсе, 👩🏻💻орталықтың педагог психологтары Г.К.Конкулова, М.А.Батырбекова, Н.Б.Алтекова және З.А.Дукембаева «Аутизм. ABLLS-R», «ASD бар балалардағы сенсорлық қиындықтар» туралы теориялық және практика жүзінде көрсетті. 🗣️Логопед мұғалімі Ә.С.Затыбекова “Логопед мұғалімінің тәжірибелік әрекетінде технологияларды сабақтастыру” бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар тыңдаушылар 🪡🧵🍽️Монтессори кабинетінің ерекшелігімен танысты.
Көптеген сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін білдірді
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Ойындарда ән айтып, би билеу арқылы балалардың белсенділігін арттыру, өзін-өзі құрметтеуге, әлеуметтік құндылыққа тәрбиелеу, жазғы қызықты ойындар арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 🧑🧑🧒🧒
Бағдарламада жүгіру, секіру, эстафета сияқты командалық жарыстар болды. Әр қатысушыға марапаттар мен қатысқаны үшін сыйлықтар берілді.
«Толағайдың» ерекше бөлігі балаларына белсенді түрде қолдау көрсетіп, байқауға өздері қатысқан ата-аналар болды. Ата-аналар мен балалар би байқаулары мен сурет шеберханаларына қатысу арқылы өздерінің спорттық және шығармашылық қабілеттерін бірге көрсетті. Бұл ортақ іс-шара отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, ұмытылмас естеліктер қалдырды🥳
🏤Бүгін орталығымызда 📚“Самообразование как фактор повышения профессиональной компетентности педагога” тақырыбында 2023-2024 оқу жылын қорытындылау педагогикалық кеңесі өтті. Кеңес барысында жас мамандардың және әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, дәрігерлердің жылдық есептері тыңдалды. Сонымен қатар, 💻“Бірге” және “Марапат” платформалары таныстырылды. Кеңесті 📖“Коллаж” методикасымен қортындыланды.
Құрметті қала тұрғындары! «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметіне өтінімдер birge.astana.kz порталы арқылы көрсетілді.Мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылды.
Уважаемые жители города!Заявления по государственной услуге “ Реабилитация и социальная адаптация детей и подростков с проблемами в развитии” принимаются через портал birge.astana.kz. Государственная услуга полностью автоматизирована.
🏆Орталығымыздың мамандары "Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ" қалалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды! 📚"Үздік әдістемелік кейсі" номинациясы бойынша дефектолог мұғалім Раимбекова Сандугаш Курмашовна, 📚"Мүмкіндігі шектеулі баланың ең үздік жеке даму бағдарламасы" номинациясы бойынша педагог-психолог Дукембаева Зухра Ануарбековна дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.💐
Арнайы білім беру ұйымдарының арасында «Біздің таланттар» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Байқау 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Орталықтан 48 бала қатысып, жүлделі орындарды иеленді. *“Үздік декломатор”* номинациясы І орын
*“Бастаушы әртіс”* номинациясы “Бас жүлде”
*“Оркестр”* номинациясы “І орынды” иеленді.
Аталған жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды. Өнерпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні мерекелерін ұштастыра орталығымызда "Ұранды елдің—ұрпағы қайсар" атты спорттық шара ұйымдастырылды. Шара барысында балалардың шапшаңдықтары, алғырлықтары мен мергендіктері сынға түсті. Балаларды отанды сүйюге, ержүрек батыл, достыққа адал болуға тәрбиелеу мақсатымыз деп білеміз. Жеңісіміз мәңгі болсын!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Халықтар достығы мерекесінің мақсаты – бір елде өмір сүретін түрлі ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін бір-біріне таныстыру арқылы бірлікті нығайту, ұлт тұтастығын берік ету болса керек. Осыған орай орталығымызда ертеңгілік ұйымдастырылды. Әр ұлт өкілдерінің киімдерін киген балаларымыз тақпақтарын айтып, әндерін шырқап, би биледі.
2024 жылдың 4 сәуірінде «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» атты қалалық апталық іс-шаралары аясында «Әдістемелік орталық» және «№ 1, № 2 оңалту орталықтарымен» бірлесіп, «АСБ бар балалардағы сенсорлық қиындықтар: теория және практика» тақырыбында инклюзивті білім беру ұйымдарының психологтарына семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін әдістемелік көмек көрсету арқылы дамыту болды. Семинар барысында тыңдаушылар орталықтардың педагог-психологтарының теориялық және практикалық мәліметтерін тыңдады, бірлескен практикалық іс-шараларына белсене қатысты. Жалпы білім және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына орталықтарыдың білікті де, білімді педагог-психологтарынан АСБ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарына маңызды және пайдалы кеңестер алды.
4 апреля 2024 года в рамках городской недели «Аутизм. Мир возможностей» совместно с «Методическим центром» и «Реабилитационными центрами № 1, № 2» проведен семинар-практикум для психологов инклюзивных образовательных организаций на тему «Сенсорные трудности у детей с РАС: теория и практика». Целью семинара было развитие профессиональной компетентности педагогов путем оказания методической помощи. В ходе семинара психологи прослушали теоретическую и практическую информацию педагогов-психологов центров, активно участвовали в совместной практической деятельности. Психологи общеобразовательных и дошкольных образовательных организаций получили важные советы по работе с детьми с РАС от квалифицированных и образованных педагогов-психологов центров.
© 2022 Rc2. All Rights Reserved.