Реабилитационный центр №2
Алтын күз-2022 Мерекелер біздің өмірімізді жайнатып, әр түрлі әсерлер сыйлайды. Сондықтанда әр мерекені ерекше етуге тырысамыз. Бүгін дәстүрлі «Сәлем, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аталып өтілді. «Күз көрінісі» балалар шығармашылық байқауы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша марапатталды.
№2 Оңалту орталығының филиалында " 25 қазан - Республика күні" мерекесіне орай балаларға арналған “Толағай" атты спорттық жарыс өткізілді. Бұл мерекені ұйымдастыруға ат салысқан №20 орта мектеп “Кадет”оқушыларына, жетекшілеріне алғыс білдіре отырып,
барлықтарыңызды келе жатқан Көк байрағы желбіреген, бүгінгіде абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің «Республика күнімен»құттықтаймыз!
Оңалту орталығының балаларына "Шаттық пен мейірімділік" атты мерекелік іс - шара ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған "Жасмин" аниматорлар орталығы мен "Bubble " отбасылық дәмханасына алғысымыз шексіз. Балалар мерекені қызықтап, ойындарға белсенді қатысты. Ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Астана қаласы Білім беру басқармасы және “№2 Оңалту орталығы” КММ басшылығы білім беру саласын дамытуда қосқан үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп біліктілік танытқаны үшін орталығымыздың бірқатар мамандарын алғыс хаттармен, мадақтама қағаздармен марапаттады.
Ұстаздар күні құтты болсын! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
Педагогикалық кеңес
Нұр-Сұлтан қаласы «№2 Оңалту орталығы» КММ республикалық және қалалық тамыз конференцияларының тақырыптарымен бірлесе отырып, арнайы мұғалімдердің алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Баяндамашылар өткен оқу жылының қорытындысын ескере отырып мамандарға жұмыс жоспарларын таныстырды.
Жиынға қатысушылардың барлығы қызығушылық танытып, талқыланған мәселелерге белсене қатысты.
Бір қуантарлығы, жыл сайын мекеме ұжымы жас мамандармен толығып отырады, биыл да бұдан тыс қалмады.
Педагогикалық кеңестің соңында мекеме директоры Накыпова В.Б. ұжымға мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналар игілігі үшін жемісті еңбек пен жаңа бастамаларда сәттілік тіледі!
Құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» төс белгісімен және I-дәрежелі дипломмен орталығымыздың әдіскері Сураганова Сауле Мейрамовна марапатталды.
Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз
Заманауи, арнайы мұғалімнің маңызды критерийлерінің бірі – оның кәсіби шеберлігі. Бұл туралы «№2 оңалту орталығы» КММ оқытушылары қорытынды педагогикалық кеңесте өз пікірлерін білдірді. Орталық қызметкерлері Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістемесін пайдалана отырып, өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға баға беріп, келесі жылға ерекше білім беруді қажетсінетін балалармен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі. Жұмыс соңында қиында қызықты еңбектері үшін үздік мұғалімдер түрлі номинациялар бойынша мекеменің мадақтамаларымен марапатталды.
Орталығымызда балалар мерекесін тойлау жалғасуда. “AILAND” отбасылық демалыс орталығына саяхат жасадық. Балалар теңіз жануарларын көріп, жақыннан танысты. Балалардың алар әсері мен алған білімі біз үшін маңызды
“1-маусым балаларды қорғау күні” мерекелеу қарсаңында балалармен қалалық саябаққа саяхат жасап және театрға барып қойылым тамашалады.
2 Оңалту орталығының филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,орталығымыздың тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шара өткізу мақсатында Кадет сыныбы оқушылары мен орталығымыздың мамандары бірігіп" Көңілді жарыстар" атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар жарысқа қызығушылықтарымен белсенді қатысып, ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.
© 2022 Rc2. All Rights Reserved.