Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890

2023 жылдың 24 мамырында «№1 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» қызметінің 10 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» атты фестиваль өтті.

Мерекелік іс-шараға біздің орталығымыздың мамандары белсене қатысып, балаларға “Эбру терапиясы”(сүтпен сурет салу), Тестопластика ( тұзды қамырдан ойыншықтар жасау) шеберлік сағаттарын көрсетті.
Фестиваль соңында Орталығымыздың директоры Накыпова Венера Бугибаевна және іс-шараға белсене қатысқан мамандар Калдыбаева Бибигуль Сыздыковна және Мәжит Анар Жангелдіқызы Астана қаласы білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
@kppk1_astana Ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз! Білім саласында атқарып жатқан еңбектеріңізге жеміс тілейміз!💐💐💐

Теги