Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890
07 Қар 2022

" Көңілді жарыстар" атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды

2 Оңалту орталығының филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,орталығымыздың тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шара өткізу мақсатында Кадет сыныбы оқушылары мен орталығымыздың мамандары бірігіп" Көңілді жарыстар" атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Балалар жарысқа қызығушылықтарымен белсенді қатысып, ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.

07 Қар 2022

9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

07 Қар 2022

«Ұлттық дәстүрлер» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы болып табылды. Мекеме атынан логопед-мұғалімі Тоғызбаева Мамыр Усеновна вокалды-хор жанры (соло) бойынша сайысқа түсіп алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, зор алғысымызды білдіреміз.

07 Қар 2022

Білім беруді жаңғырту орталығы және «№2 Оңалту орталығы» семинар-практикум ұйымдастырды

Білім беруді жаңғырту орталығы және «№2 Оңалту орталығы» КММ бірлесе отырып ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырды.

Тақырыбы: «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарына кешенді нейропсихологиялық көзқарас».

Негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпарат беру.

Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелер:

– жұмыс жасауда қолданылатын заманауи құралдар;

– нейропсихологиялық коррекцияны ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері;

– ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмыс түрлері қарастырылды.

07 Қар 2022

"Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз" атты логопед мамандарының онкүндігі аяқталды

"Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз" атты логопед мамандарының онкүндігі аяқталды. Ата- аналарға топтық кеңестер, балалармен ашық сабақтар және әр түрлі логопедиялық ойындар өткізілді. Әріптестерімен өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

07 Қар 2022

«Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз»

Көптен күткен жыл сайынғы логопедтердің «Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз» декадасы басталды.

Негізгі мақсат – балалардың логопедиялық сабақтарға қызығушылығын белсендіру, ата-аналармен жұмыс, сондай-ақ орталықтың әріптестерімен тәжірибе алмасу.

07 Қар 2022

«Шексіз шығармашылық» республикалық байқауы қашықтан өткізілді

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» қолдауымен «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауы қашықтан өткізілді. Педагог-психолог Мәжит Анар Жангелдіқызының жетекшілігімен "Алтын қолдар" сәндік- қолданбалы өнер номинациясы бойынша Батченко Максим *I дәрежелі* диплом. "Қазақстан-менің Алтын бесігім" номинациясы бойынша педагог-психолог Қалдыбай Аружан Ғалымжанқызының жетекшілігімен Қуанышкызы Шадияра *III дәрежелі* диплом. Жетекшілеріне алғыс хаттар жарияланды.

07 Қар 2022

2 сәуір –Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

2 сәуір –Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Орталығымызда жыл сайын бұл күні аутизм мәселесіне назар аударуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Бұл күнгі жәрмеңкелер, оның ішінде, аутизм және басқа да ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіруге бағытталған: "Word Autism Awareness Day" тақырыбында қабырғаларды ресімдеу, аутизм туралы буклеттерді тарату жұмыстары жасалды. Орталық мамандары ата-аналарға ерекше балалардың коммуникациялық қабілеттерін дамытуға және т.б. көмек көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетті. Іс - шара барысында ата-аналармен аутизмі бар балаларға арналған түрлі ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Алғаш келген ата-аналармен символдық «көк алақан» қолөнері жасалды. Іс шара соңында балаларға арналған ойын бағдарламасы өткізілді.

2 апреля- Всемирный день распространения информации о проблеме аутизма.

07 Қар 2022

Дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесін орталығымызда атап өттік

Дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесін орталығымызда атап өттік. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада балалармен қызметкерлер өз өнерлерін ортаға салып,би-билеп, ән айтылды. Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері "Қыз қуу", "Бесікке салу", "Тұсау кесер" жасалып, ұлттық ойындар ойналды. Қыдыр ата мен Наурыз әже келіп баталарын берді. Балалар қазақы нақыштағы киімдерімен мерекенің шырайын келтірді.

07 Қар 2022

№2 Оңалту орталығы ҚММ филиалында «Наурыз»мейрамы атты тамаша шара өтті

№2 Оңалту орталығы ҚММ филиалында «Наурыз»мейрамы атты тамаша шара өтті. Мамандар №20 орта мектептің кішкентай өнерпаздарымен және олардың ұстаздарымен бірлесе отырып, балаларға арнап ерекше көктем мерекесін ұйымдастырды: «Қыз қуу», «Арқан тарту» ұлттық ойындары, тақпақтар, өлеңдер кеште ешкімді бей-жай қалдырмады. Мерекені ұйымдастырушыларға алғыс білдірген ата-аналардың жылы лебіздері естілді.