КГУ «Реабилитационный центр №2» акимата города Астана
  • Позвоните нам
  • + 7 (7172) 505 890
  • 06 Май 2024

    9 мамыр – Жеңіс Күні! 

    Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні мерекелерін ұштастыра орталығымызда "Ұранды елдің—ұрпағы қайсар" атты спорттық шара ұйымдастырылды. Шара барысында балалардың шапшаңдықтары, алғырлықтары мен мергендіктері сынға түсті. Балаларды отанды сүйюге,  ержүрек батыл, достыққа адал болуға тәрбиелеу мақсатымыз деп білеміз. Жеңісіміз мәңгі болсын!

     

    111

  • 30 апр 2024

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Халықтар достығы мерекесінің мақсаты – бір елде өмір сүретін түрлі ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін бір-біріне таныстыру арқылы бірлікті нығайту, ұлт тұтастығын берік ету болса керек. Осыған орай орталығымызда ертеңгілік ұйымдастырылды. Әр ұлт өкілдерінің киімдерін киген балаларымыз тақпақтарын айтып, әндерін шырқап, би биледі.

     

    111

  • 04 апр 2024

    2024 жылдың 4 сәуірінде «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» атты қалалық апталық іс-шаралары аясында «Әдістемелік орталық» және «№ 1, № 2 оңалту орталықтарымен» бірлесіп

    2024 жылдың 4 сәуірінде «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» атты қалалық апталық іс-шаралары аясында «Әдістемелік орталық» және «№ 1, № 2 оңалту орталықтарымен» бірлесіп, «АСБ бар балалардағы сенсорлық қиындықтар: теория және практика» тақырыбында инклюзивті білім беру ұйымдарының психологтарына семинар-практикум өткізілді.
    Семинардың мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін әдістемелік көмек көрсету арқылы дамыту болды.
    Семинар барысында тыңдаушылар орталықтардың педагог-психологтарының теориялық және практикалық мәліметтерін тыңдады, бірлескен практикалық іс-шараларына белсене қатысты. Жалпы білім және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына орталықтарыдың білікті де, білімді педагог-психологтарынан АСБ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарына маңызды және пайдалы кеңестер алды.

    4 апреля 2024 года в рамках городской недели «Аутизм. Мир возможностей» совместно с «Методическим центром» и «Реабилитационными центрами № 1, № 2» проведен семинар-практикум для психологов инклюзивных образовательных организаций на тему «Сенсорные трудности у детей с РАС: теория и практика».
    Целью семинара было развитие профессиональной компетентности педагогов путем оказания методической помощи.
    В ходе семинара психологи прослушали теоретическую и практическую информацию педагогов-психологов центров, активно участвовали в совместной практической деятельности. Психологи общеобразовательных и дошкольных образовательных организаций получили важные советы по работе с детьми с РАС от квалифицированных и образованных педагогов-психологов центров.

     

    111

  • 01 апр 2024

    "№2 оңалту орталығы" КММ "Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының курсанттарын қабылдады.

    "№2 оңалту орталығы" КММ "Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының курсанттарын қабылдады. Бұл кездесуде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің мұғалімдері жұмысты ұйымдастыруда көптеген қызықты ақпарат алды. Орталықтың педагог психологтары Г.К.Конкулова, А.С.Курманова және З.А.Дукембаева "Аутизм. ABLLS-R", "визуалды кесте", "ASD бар балалардағы сенсорлық қиындықтар" туралы теориялық және практика жүзінде көрсетті. Тыңдаушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады, мамандардың өзекті сұрақтарына негізделген жауаптарын тыңдады.

    Сегодня двери КГУ «РЦ2» были распахнуты для курсантов «Өрлеу». На этой встрече  учителя  образовательных учреждений, работающие  с детьми с особыми образовательными потребностями  узнали  много интересного по организации  работы. Педагоги психологи центра Г.К.Конкулова, А.С.Курманова и З.А.Дукембаева рассказали теоретически, показали практически материалы  по таким  темам, как «Аутизм. ABLLS-R», «Визуальное расписание», «Сенсорные трудности у детей с РАС». Слушатели  с  большим интересом приняли  информацию, услышали обоснованные ответы специалистов   на свои  насущные вопросы.

     

    11111

  • 20 мар 2024

    Қош келдің, Әз—наурыз!

    🌷Бүгін орталығымызда ️"Қош келдің, Әз—наурыз!"️атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Орталығымыз мерекеге сай безендіріліп, педагогтер мен балалардың қатысуымен қазақтың салт—дәстүрлері көрсетілді. Ата—аналар балаларының өнерлерін тамашалап, дәлізге жайылған дастарханнан дәм татты. Тілектер айтылып, естелікке суретке түсті.🌷

     

    1

     

    1

    11

     

    11

  • 19 мар 2024

    Жылдың басы - Наурыз

    🌷"Жылдың басы - Наурыз" 🌷демекші, №2 оңалту орталығы КММ филиалында "Әз, Наурыз" атты балаларға арналған мерекелік іс шара өтті. Балалар ұлттық ойындарға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

     

    1

     

    11

  • 07 мар 2024

    💐8 наурыз мерекесіне орай 🏤орталығымызда мерекелік іс—шара ұйымдастырылды

    💐8 наурыз мерекесіне орай 🏤орталығымызда мерекелік іс—шара ұйымдастырылды. Балалар ән шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті. Аналарына өздері жасаған сыйлықтарын табыстап, көңіл күйлерін көтерді. 🌷Сонымен қатар, орталығымыздың директоры мамандарымызды құттықтап, марапаттады.

     

    1

     

    111111

  • 04 мар 2024

    Ана мен бала

    🏤Орталығымызда ЕДШ нұсқаушыларының ұйымдастыруымен "Ана мен бала" атты отбасылық сайыс өткізілді. Екі топқа бөлінген аналар мен балалардан тұратын 🌷"Қызғалдақ" пен 🌼"Ромашка" топтары сайысқа түсті. Әр түрлі қызықты бөлімдерден тұратын сайысымызда әділқазылар алқасы төрелік етті. Тамаша көңіл күймен өткен жарыста "Достық" жеңді. Аналар мен балалар 🏆🥇грамоталармен марапатталып, естелікке суретке түсті.

    11111

  • 01 мар 2024

    Әкем,анам және мен

    Алғыс айту күніне орай #2 оңалту орталығының филиалында "Әкем,анам және мен" спорттық отбасылық жарыс ұйымдастырылды. Мереке соңында ата - аналар  бүгінгі мерекемен құттықтай отырып,орталығымызға өз алғыстарын білдірді!

    1111

  • 01 мар 2024

    "Алғыс айту" күні

    🏤 Орталығымызда мамандарымыздың ұйымдастыруымен 1 наурыз "Алғыс айту" күніне арналған флэшмоб өткізілді. Барлық балалар мен олардың ата—аналары қатысты. Балалар аналарына 🩷жүрекшелер сыйлап, ықыласқа бөленді. Барлығы әдемі көңіл—күймен арнайы жасақталған орында естелік суреттерге түсіп, ризашылықтарын білдірді.

    11111